ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024.16.02. № 35 бұйрығымен 4-қосымшамен толықтырылды (2024 ж. 5 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 24 сәуірдегі
№ 158 бұйрыққа 4-қосымша
«Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау және төлеу мөлшері»
мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
(2026.23.05. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026.05.05. № 117-НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 23 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы «Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау және төлеу мөлшері» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 125-бабы 2-тармағы «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау және төлеу мөлшерінің тәртібін айқындайды.