«Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 31 тамыздағы № 192 бұйрығы

 «Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 31 тамыздағы № 192 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23901 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларында:

2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«қоғамдық тыңдаулар - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның «Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» цифрлық жүйесінде (бұдан әрі - Цифрлық жүйе) ашық жиналыстар өткізу, жария талқылауларын жүргізу арқылы қоршаған ортаны қорғау және Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы мәселелері қозғалатын мемлекеттік және басқарушылық шешімдерді қабылдауға қоғамның қатысу нысандарының бірі;»;

5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«қоғамдық тыңдаулар хаттамасына қол қоюдың Кодекстің 73-бабының 14-тармағында белгіленген мерзімінің бұзылуын қоспағанда, бұл ретте мұндай бұзушылық хаттамада көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен анықтығына әсер етпесе, егер қоғамдық тыңдауларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы экология заңнамасының қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібіне қойылатын талаптарының бұзылуына жол берілген жағдайларды қоспағанда, қоғамдық тыңдауларды қайтадан өткізу талап етілмейді.»;

5-тармақ алтыншы абзацпен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.