«Орта білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 5 тамыздағы № 174 бұйрығы

Орта білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 5 тамыздағы № 174 бұйрығы

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылының басталуы мен аяқталуының мынадай мерзімдері айқындалсын:

2025 жылғы 1 қыркүйек - 2026 жылғы 25 мамырды қоса алғанда:

1-11 (12) сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсандардың және демалыстардың ұзақтығы:

1-тоқсан - 8 оқу аптасы, күзгі демалыс - күнтізбелік 7 күн (2025 жылғы 27 қазаннан бастап 2 қарашаны қоса алғанда);

2-тоқсан - 8 оқу аптасы, қысқы демалыс - күнтізбелік 10 күн (2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда);

3-тоқсан - 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс - күнтізбелік 11 күн (2026 жылғы 19-29 наурызды қоса алғанда);

1-сыныптарда қосымша демалыс - күнтізбелік 7 күн (2026 жылғы 9-15 ақпанды қоса алғанда):

4-тоқсан - 8 оқу аптасы.

2. Қорытынды аттестаттаудың мынадай мерзімдері бекітілсін:

9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары - 2026 жылғы 29 мамырдан бастап 11 маусым аралығында;

11 (12)-сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары - 2026 жылғы 2-15 маусым аралығында.

3. Қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітілсін:

9 (10)-сынып оқушылары үшін:

1) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан - 2026 жылғы 29 мамыр;

2) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) - 2026 жылғы 3 маусым;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.