Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/158 бұйрығы
(2026.17.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026.30.09. № 220 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026.30.09. № 220 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 233) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026.30.09. № 220 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.