Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 72 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 қазандағы № 149 шешімі
Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 72 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25827 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 469 444 242,5 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 35 840 994,5 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 6 752 085,2 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 64 416,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 426 786 746,8 мың теңге;
2) шығындар – 472 079 878,4мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 3 782 383,4 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 14 782 357,2 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 10 999 973,8 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 1 883 085,5 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 1 883 085,5мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -8 301 104,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 8 301 104,8 мың теңге.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен 2022 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінуі Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы негізінде төмендегілер үшін айқындалады:
1) жалақы төлеудің жаңа жүйесі бойынша мемлекеттік қызметшілердің еңбек ақысын ұлғайту;
2) нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту;
3) Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту;