(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТАРАТУ ҚОРЫН ПАЙДАЛАНУҒА РҰҚСАТ БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТІК К...

Осы редакция 2019 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму Министрінің

2015 жылғы 28 cәуірдегі

№ 521 бұйрығына 3-қосымша

 

 

«Тарату қорын пайдалануға рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

«Таратылған қорды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Тарату қорын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі әзірлеген.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz  веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 30 (отыз) жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - жер қойнауын пайдалану туралы келісімшарттар бойынша тарату қорын пайдалануға рұқсат.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағас жүзінде.

Көрсетілетін қызметті алушы куәлікті қағаз тасығышта алу үшін жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен куәландырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.