Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 20 ақпандағы № 11 қаулысы
Осы редакция 2026 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы үшінші бөлігінің 7) тармақшасына және «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері:
1) АҚШ доллары үшін - 7 теңге,
2) еуро үшін - 10 теңге болып белгіленсін.