Ақтөбе қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 503 «2020-2022 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 26 тамыздағы № 582 шешімі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 503 «2020-2022 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6637 санымен тіркелген, 2019 жылғы 31 желтоқсанда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) тармақшадағы:
кірістер: «83 748 230,4» сандары «84 454 135,4» сандарымен ауыстырылсын, оның ішінде:
трансферттер түсімі: «42 126 836,7» сандары «42 832 741,7» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы:
шығындар: «107 891 189,2» сандары «108 597 094,2» сандарымен ауыстырылсын.
2. Көрсетілген шешімнің 1, 4, 5 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді, оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2020 жылғы 26 тамыздағы
№ 582 шешіміне 1 қосымша
Ақтөбе қалалық мәслихатының
2019 жылғы 25 желтоқсандағы