(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА БӨЛЕК ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚ ЖИЫНД...

Кентау қаласында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы
Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 17 қазандағы № 308 шешiмi

 

Осы редакция 2022 жылғы 4 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Кентау қаласында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Кентау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 189 «Кентау қаласында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2830 тіркелген, 2014 жылғы 25 қазандағы «Кентау шұғыласы» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. «Кентау қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Кентау қалалық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.