«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V Заңы (2026.13.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

4. Жекеше əріптесті айқындау тəртібіне байланысты даулар Қазақстан Республикасының соттарында шешіледі.

 

58-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

2026.12.06. № 309-VIII ҚР Заңымен 58-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

58-1-бап. 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін бастама жасалған концессиялық жобаларды іске асыру ерекшеліктері

1. 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін бекітілген концессиялық жобалардың конкурстық (аукциондық) құжаттамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы Заңның 20-бабының 4) және 9) тармақшалары, 21-бабының 3) тармақшасы, 26-бабы 2-тармағының 3) тармақшасы қолданыла отырып жүзеге асырылады.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген концессиялық жобалар бойынша концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде әлеуетті концессионерлердің концессиялық өтінімдерінің құрамында ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы бар техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу талап етілмейді.

3. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген концессиялық жобалар бойынша концессия объектісінің құны жобалау-сметалық құжаттама бекітілгеннен кейін концессия шартында көрсетілген концессия объектісінің құнынан аз болып айқындалатын болса, онда шарт жобалау-сметалық құжаттамада айқындалған құнға сәйкес түзетілуге тиіс.

 

59-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

           Президенті

 

      Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2015 жылғы қазанның 31-і.

№ 379-V