«Нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жұмыскерлері және ішкі су көлігі саласындағы жұмыскерлер лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киiмнің (погонсыз) және айырым белгiлерiнің үлгiлерiн, сондай-ақ оны киiп жүру тәртiбiн бекіту» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 22 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 411 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік бақылау және қадағалау жұмыскерлері және ішкі су көлігі саласындағы жұмыскерлер лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киімнің (погонсыз) және айырым белгілерінің үлгілерін, сондай-ақ оны киіп жүру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 22 қаңтардағы № 50 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8303 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдары жұмыскерлерінің нысанды киімі (погонсыз) мен айырым белгілерінің үлгілері осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттiк бақылау мен қадағалау органдары жұмыскерлерінің және ішкі су көлігі саласындағы жұмыскерлерінің нысанды киім (погонсыз) киіп жүру және айырым белгілерін тағып жүру қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге және айырым белгілерін тағып жүруге құқығы бар мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жұмыскерлері және ішкі су көлігі саласындағы жұмыскерлер лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;