Күршім ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 36 Қаулысы
Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14-бабы 3-тармағы 3-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күршім ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Күршім ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Күршім ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Күршім ауданының әкімі | М. Альбеков |
2026 жылғы 26 қаңтардағы
№ 36 қаулысына
1 қосымша
Күршім ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «№3 Күршім гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тасымалдау схемасы
2026 жылғы 26 қаңтардағы
№ 36 қаулысына
2 қосымша
Күршім ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Ш.Уәлиханов атындағы Сарыөлең орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тасымалдау схемасы
2026 жылғы 26 қаңтарағы
№ 36 қаулысына
3 қосымша