«Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларын, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 2 тамыздағы № 413 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларын, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 16165 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Меншік иесі салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдаған кезде мыналардың болуы талап етіледі:
1) сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар берген сәулет-жоспарлау тапсырмасы (тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей және жер учаскесін қосымша бөлуді (кесіп беруді) көздемейтін қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды) қоспағанда);
2) техникалық шарттар (инженерлік және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне объектілерді қосу, қосымша қосу және/немесе жүктемені арттыру қажет болған жағдайда);
3) нобай (нобайлық жоба)/техникалық жоба.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Салынған объектіні пайдалануға қабылдаған кезде меншік иесі:
1) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау актісін (бұдан әрі - акт) ресімдей отырып объектіні пайдалануға қабылдайды;