Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт (Нұр-Сұлтан қ., 2021 жылғы 28 қазанда)

Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы

қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы

 ШАРТ

(Нұр-Сұлтан қ., 2021 жылғы 28 қазанда)

 

ҚР 2023 жылғы 15 ақпандағы № 200-VІІ Заңымен ратификацияланды

2024 ж. 1 қыркүйектен бастап күшіне енді

 

Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы

екі ел арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек саласындағы ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға ниет білдіре отырып,

мынадай ережелер туралы уағдаласты:

 

 

1-бап
Қолданылу аясы

 

1. Тараптар осы Шарттың ережелеріне сәйкес өзара көмекке жүгінген кезде жолын кесу сұрау салушы Тараптың сот органдарының және қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын органдардың (бұдан әрі «құзыретті органдар» деп аталатын) юрисдикциясына жататын қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты кез келген рәсімдерде бір-біріне барынша кең өзара құқықтық көмек көрсетуге міндеттенеді.

2. Өзара құқықтық көмек:

a) қылмыстық істер жөніндегі сот мекемесі қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарғанға дейін қылмыстық істердегі азаматтық талап қоюлар бойынша;

b) жазаны орындауға немесе бұлтартпау шарасына, айыппұл өндіріп алуға немесе сот шығындарын төлеуге қатысты сот хабарламалары туралы хабардар ету үшін де көрсетіледі.

3. Осы Шарт:

a) адамдарды қамаққа алу және экстрадициялау туралы шешімдерді орындауға;

b) тәркілеу шараларын орындаудан басқа, қылмыстық үкімдерді орындауға;

c) жалпы қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайтын әскери құқық бұзушылықтарға қолданылмайды.

 

 

2-бап
Өзара көмек көрсетуге шектеулер

 

1. Өзара құқықтық көмектен:

a) егер сұрау салынатын Тараптың өзара көмек адамды жынысы, діни сенімі, ұлты, этникалық шығу тегі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы, идеологиясы немесе саяси сенімі белгісі бойынша қудалау немесе жазалау мақсатында сұратылды немесе сол адамның жағдайы осы себептердің біреуі бойынша нашарлауы мүмкін деп пайымдауға елеулі негіздері болса;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.