«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компанияның көппәтерлі тұрғын үй құрылысының барысын мониторингілеу нәтижелері туралы есеп нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 339 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 16 қыркүйектегі № 368 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компанияның көппәтерлі тұрғын үй құрылысының барысын мониторингілеу нәтижелері туралы есеп нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 339 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14189 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компанияның көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының барысын мониторингілеу нәтижелері туралы есеп нысанын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компанияның көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының барысын мониторингтеу нәтижелері туралы есеп нысаны бекітілсін.»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компанияның көппәтерлі тұрғын үй құрылысының барысын мониторингілеу нәтижелері туралы есебінің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.