«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компанияның көппәтерлі тұрғын үй құрылысының барысын мониторингілеу нәтижелері туралы есеп нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 339 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 16 қыркүйектегі № 368 бұйрығы

 «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компанияның көппәтерлі тұрғын үй құрылысының барысын мониторингілеу нәтижелері туралы есеп нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 339 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 16 қыркүйектегі № 368 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компанияның көппәтерлі тұрғын үй құрылысының барысын мониторингілеу нәтижелері туралы есеп нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 339 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14189 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компанияның көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының барысын мониторингілеу нәтижелері туралы есеп нысанын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компанияның көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының барысын мониторингтеу нәтижелері туралы есеп нысаны бекітілсін.»;

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компанияның көппәтерлі тұрғын үй құрылысының барысын мониторингілеу нәтижелері туралы есебінің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.