«Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2026 жылғы 3 наурыздағы № 7 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31836 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидаларын:
5) және 6) тармақшалармен мынадай редакцияда жазылсын:
«5) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер және әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері;
6) психиатрда және/немесе наркологта есепте тұратын тұлғалар, және/немесе психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық бақылаудағы адамдар ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: