«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 10 қарашадағы № 384 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 15 мамырдағы № 163 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 10 қарашадағы № 384 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33626 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың бесінші және алтыншы абзацтары алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.».