«Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 7-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 7-НҚ нормативтік қаулысы
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 12-бабы 4-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 7-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12459 тіркелген, 2015 жылы 30 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларында:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірыңғай дерекқор басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған Есеп комитетінің ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі - Есеп комитетінің ИАЖ) негізінде қалыптасады.
5. Бірыңғай дерекқорға мәліметтер беруді мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудитті жүзеге асыратын аудиторлық ұйымдар және ведомстволық немесе мемлекеттік статистиканы қалыптастыратын өзге де ақпарат жеткізушілер (бұдан әрі - ақпарат жеткізушілер) жүзеге асырады.»;