Теміртау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 15/4 «Теміртау қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 20 қазандағы № 35/4 шешімі
Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Теміртау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 15/4 «Теміртау қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 26142 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кірістер – 31 939 814 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсiмдер бойынша – 24 525 945 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 234 278 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 297 818 мың тенге;
трансферттердің түсімдері бойынша – 6 881 773 мың теңге;
2) шығындар – 38 514 924 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – - 21 868 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 21 868 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 6 553 242 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландыру – 6 553 242 мың теңге;
қарыз түсімдері – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 220 222 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 6 773 464 мың теңге.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2022 жылға арналған қалалық бюджет шығындары құрамында «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша 584 669 мың теңге көзделсін, оның ішінде:
1) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуге – 81 360 мың теңге;