«Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 27 қазандағы № 720 бұйрығы

 «Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 27 қазандағы № 720 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

осы бұйрықпен бекітілген Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерінде, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерінде:

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Бюджет кодексінің 101-бабының 1-тармағына сәйкес, бюджеттің цифрлық теңге нысанындағы шығыстар бойынша атқарылуы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес жүзеге асырылады.

Республикалық және жергілікті бюджеттерді орындау процесінде цифрлық теңгені пайдалана отырып жасалатын операциялар Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында, сондай-ақ осы Рәсімдердің 6 және 7-тарауларында белгіленген жағдайларда жүзеге асырылады.»;

59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«59. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүргізілген бюджеттік мониторинг негізінде тоқсанына бір реттен асырмай тоқсанның бірінші айының жиырма бесінші күніне дейін, төртінші тоқсанда ағымдағы қаржы жылының бірінші қазанынан кешіктірмей Бюджет кодексінің 98-бабының 2-тармағы 2) тармақшасында көзделген жағдайларда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджет құрылымын өзгертпей, Республикалық бюджет комиссиясында міндетті түрде қарала отырып, ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар арасында қаражатты қайта бөлу бойынша ұсыныстар енгізеді.»;

183-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«183. Мемлекеттік мекеме мынадай:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.