«Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 750 бұйрығына және «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 14 қазандағы № 283 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

«Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 750 бұйрығына және «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 14 қазандағы № 283 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Авиациялық персоналға куәліктер беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 750 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8782 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспеге орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық персоналға куәліктер беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларында:

1-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады:

2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) - жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласының тұрақты дамуын, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;»;

2-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

«6-1) алдыңғы ұшу тәжірибесі - куәлікті алуға өтініш берілгенге дейін сатып алынған және ұшу кітапшасындағы жазбалармен расталған, пайдаланудың тиісті жағдайларында ұшуды және ұшуды орындауды қамтитын кандидаттың ұшу тәжірибесі;»;

2-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;

2-тармақ мынадай мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.