«Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау тәжірибесі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 13 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 1 Нормативтік қаулысы

«Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау тәжірибесі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 13 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 1 Нормативтік қаулысы

 

Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау тәжірибесі туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 13 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 18 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге) нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-тармақта:

«Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (әрі қарай - ҚІЖК)» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК)» деген сөздермен ауыстырылсын;

«396-бабының 1-бөлігінде, 403-бабының 5-бөлігінде» деген сөздер «414-бабының 1 және 3-бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

«Апелляциялық шағымдарды, наразылықты қабылдау туралы мәселені шешкен кезде бірінші сатыдағы соттар ҚПК-нің 423-бабы 2-бөлігінің талаптарын орындауға міндетті. Егер апелляциялық сатыдағы сот шағымның, наразылықтың аталған баптың бірінші бөлігінің талаптарына сәйкессіздігін анықтаса, ол үкім шығарған сотқа кейіннен беру мүмкіндігін түсіндіре отырып, тиісінше ресімдеу үшін өз қаулысымен оларды авторларына қайтарады, іс бірінші сатыдағы сотқа жіберіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.