«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 2 мамырдағы № 23 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:
3-тармақтың 58) тармақшасы алып тасталсын;
10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру, жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау салаларында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъектілердің тарифтерін тарифтік реттеудің ынталандыру әдісін қолдана отырып қалыптастыру және бекіту осы Қағидалардың 2-тарауының 3-1-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 242-1-тармақпен толықтырылсын:
«242-1. Субъектіде осы Қағидалардың 247 және 269-тармақтарында көрсетілген тұтынушылардың топтары бойынша бекітілген сараланған тарифтер болған жағдайда уақытша өтемдік тариф тұтынушылардың әрбір тобы үшін мынадай формулалар бойынша айқындалады:
тұтынушылардың бірінші тобы үшін:
Т1өтемд. = Т1бекіт., мұндағы:
Т1өтемд. - уақытша өтемдік тариф, тұтынушылардың бірінші тобы үшін;
T1бекіт. - уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдау күніне уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тұтынушылардың 1-тобына арналған тариф, теңге;
тұтынушылардың екінші тобы үшін:
мұндағы:
Т2өтемд. - тұтынушылардың екінші тобына арналған уақытша өтемдік тариф;
T1бекіт. - уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдау күніне уәкілетті органның ведомствосы бекіткен, тұтынушылардың бірінші тобына арналған тариф, бір текше метр/Гкал үшін, теңге;