(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ КЕЙБІР ҚАУЛЫЛАРЫНА ӨЗГЕРІ...

Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 2/279 Қаулысы

 

Осы редакция 2025 жылғы 11 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Алматы қаласы Спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/76 қаулыға келесі толықтырулар:

аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы Спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:

17 тармақ келесі мазмұндағы 30-1), 30-2) және 30-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«30-1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

30-2) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;

30-3) Алматы қаласының құрылыс саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын әлеуметтік объектілерді салу, реконструкциялау және сейсмикалық күшейту жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қатысу.»;

2) «Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2019 жылғы 4 ақпандағы №1/78 қаулыға келесі өзгеріс пен толықтырулар:

аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:

16 тармақ келесі мазмұндағы 22), 23) және 24) тармақшалармен толықтырылсын:

«22) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

23) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау.»;

24) Алматы қаласы дизайн-кодының талаптарын сақтауға маңдайшалардың, ғимараттар қасбеттерінің, қалалық ортаны жарықтандырудың, навигация жүйелерінің, көше жиһаздарының, қоршаулардың мониторингін жүзеге асыру.»;

17 тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сотқа талап-арызбен жүгінуге;»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.