«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 17 бұйрығы

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 17 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

2. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысына жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

Қазақстан Республикасындағы

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің

2026 жылғы 22 маусымдағы

№ 17 бұйрығына

қосымша

 

 

Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың

тізбесі

 

1. «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31749 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережесінде:

3-тармақта:

1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған бар;»;

3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектелген деп таныған;»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.