ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.16.04. № 65 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.19.11. № 206 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 31 шілдедегі
№ 149 қаулысына
9-қосымша
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020.30.03. № 41 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.19.11. берілген өзгерістермен)
1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.
«Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және облигациялар шығарылымы проспектісінің 1 (бір) данасы;
облигациялық бағадарлама шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және облигациялық шығарылымы бағдарлама проспектісінің 1 (бір) данасы;
облигациялық бағдарлама шеңберіндегі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және облигациялық бағдарлама шеңберіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің 1 (бір данасы) не Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 20 және 21-тармақтарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.