«Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 185/30-IV «Жер учаскелері жеке меншікке берілген, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олардың кадастрлық (бағалау) құнын белгілеу үшін түзету коэффициенттері мен аймақ шекараларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 237/28-VI шешімі

Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 185/30-IV «Жер учаскелері жеке меншікке берілген, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олардың кадастрлық (бағалау) құнын белгілеу үшін түзету коэффициенттері мен аймақ шекараларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 237/28-VI шешімі

 

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексіне, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 185/30-IV «Жер учаскелері жеке меншікке берілген, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олардың кадастрлық (бағалау) құнын белгілеу үшін түзету коэффициенттері мен аймақ шекараларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық ақтілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 566 болып тіркелген, 2009 жылдың 12 наурызында «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

аталған шешімге 1-қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 185/30-V «Жер учаскелері жеке меншікке берілген, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олардың кадастрлық (бағалау) құнын белгілеу үшін түзету коэффициенттері мен аймақ шекараларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 93/11-V шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 765 болып тіркелді, 2013 жылғы 13 қаңтардағы «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Астана қаласы мәслихаты

сессиясының төрайымы

 

Р. Өмірбаева

 

Астана қаласы

мәслихатының хатшысы

 

Ж. Нұрпейісов

 

Астана қаласы мәслихатының

2018 жылғы 27 ақпандағы

№ 237/28-VI шешіміне

1-қосымша

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.