(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕКЕЛЕГЕН САЛАЛАРДАҒЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТЫҢ КӨЛЕМІН...

Жекелеген салалардағы зертханалық жабдықтың көлемін (тізбесін) белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 356-НҚ бұйрығы

 

Осы редакция 2025 ж. 17 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Сынақ зертханаларға (орталықтарға) Еуразиялық экономикалық одақтың (Кеден одағының) және Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінің көрсеткіштері бойынша аккредиттеу саласында мәлімделген сынақтар (зерттеулер) үшін қажетті меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде расталған жабдықтың көлемі (тізбесі) 100% мөлшерінде белгіленсін.

2. Сынақ зертханаларға (орталықтарға) Еуразиялық экономикалық одақтың (Кеден одағының) және Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес сынақтар (зерттеулер) жүргізуге арналған өтінімдерде көрсетілген көрсеткіштер бойынша жабдықты пайдалану көлемі (тізбесі) 100% мөлшерінде белгіленсін.

3. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

4. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.