Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын дайындау бойынша бағдарламаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 235 бұйрығы
(2021.20.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағы 40) тармақшасына сәйкес және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын даярлауды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын дайындау бойынша бағдарламалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар Комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауына жіберуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.