«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 304/НҚ бұйрығы

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 304/НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

3-қосымшада:

«1. Жер мониторингі» және «2. Жем-шөп алқаптарын геоботаникалық зерттеу» тараулары алып тасталсын;

«3. Топырақ бонитировкасы» тарауында:

13-параграф алып тасталсын;

«4. Жер санын есепке алу» тарауында:

21-параграф. «Топырақ зерттеу материалдары бойынша жер учаскесінің топырақ бонитетінің орташа балын есептеу» алып тасталсын;

22-параграф мынадай редакцияда жазылсын:

«22-параграф. «Жер-кадастрлық істерді сканерлеу

60-кесте

Өлшем бірлігі - 10 жер-кадастрлық іс

Ескерулер:

ҚҚС қоспағанда, бағасы»;

23-параграфтың тақырыбы мындай редакцияда жазылсын:

«23-Параграф. Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу»;

23-параграфтың 132-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

132. Жобаланатын жер учаскесінің орналасқан орнының (жерге орналастыру объектісінің шекаралары және олардың координаттары) мемлекеттік жер-кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкестігін тексеру.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.