(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ПАРАЗИТТІК АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША САНИТАРИЯЛЫ...

Осы редакция 2016 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 31 наурыздағы

№ 283 бұйрығымен бекітілген

 

 

«Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы

 (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

 санитариялық қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруды және жүргізуді айқындайды, оларды cақтамау адамның өміріне немесе денсаулығына, сондай-ақ паразиттік аурулардың пайда болу және таралу қаупін туғызады.

2. Осы Санитариялық қағидалардың сақталуын мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:

1) аскаридоз - өкпе эозинофильдік инфильтраттар және басқа да аллергиялық реакциялар дамуымен, ал кейіннен - ауыр асқынулары болуы мүмкін дипептикалық белгілері дамуымен сипатталатын ерте фазадағы ішек геогельминтоз. Қоздырғышы - дөңгелек гельминт-нематод;

2) безгек - безгек масаларының шағуы арқылы табиғи жағдайларда берілетін Plasmodium тектес қарапайым қан-паразиттерінен болатын инфекциялық аурулардың тобы;

3) безгектің жергілікті жағдайы - сол аумақ немесе ел үшін жергілікті жағдай;

4) безгектің сырттан әкеліну жағдайы - жұқтыру/ауру анықталған аймақтан тыс орын алған және оның туындауы безгек бойынша белгілі аймақта болумен байланысты жағдай;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.