«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 және «Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 3 қыркүйектегі № 422 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 және «Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 3 қыркүйектегі № 422 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларында:

4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Диссертацияның тақырыбы (бекіту күніне) «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия қалыптастыратын ғылымның даму бағыттарына және (немесе) мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес болуы тиіс (Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың шетелде алған ғылыми дәрежелерінің баламалылығын тануға ұсынылған диссертациялардан басқа).».

2. «Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6939 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесінде:

7-1 және 7-2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.