«Ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 115-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 27 наурыздағы № 128-НҚ бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

 «Ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 115-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 27 наурыздағы № 128-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35881 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 115-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеу қағидаларында:

2-тармақтың 2), 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) ашық диалог интернет-порталының автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – «цифрлық үкімет» операторы ұсынатын, баптауларды және ашық диалогтың интернет-порталында орналастырылатын контентті басқаруға арналған қосымша;

3) ашық диалогтың интернет-порталы (бұдан әрі - Портал) - мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы ақпарат пайдаланушылардың сұрау салуды жіберу, сондай-ақ ақпарат пайдаланушылардың интернет-конференцияларға және сауалнамаларға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ашық үкіметтің құрауышы;

4) мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы (бұдан әрі - Блог-платформа) - азаматтардың сұрау салуды жіберу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшыларынан оларға жауап алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ашық үкіметтің құрауышы;»;

2-тармақтың 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.