«Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 155 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12115 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакциядағы 36-1) тармақшамен толықтырылсын:
«36-1) рейс мәртебесінің өзгеруі — маршруттың жоспарланған бағыттан өзгеруі, рейстің кідіруі, рейс кестесінің өзгеруі, рейстің орындалмауы немесе рейстің ұшу (ұшып келу) уақытына немесе маршрутқа әсер ететін өзге де өзгеріс;»
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) билетте көрсетiлген рейстің мәртебесі өзгерген;»
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Жолаушы тасымалдауды брондау және кейіннен билет жазып беруді жүзеге асыру және арнайы қызметтердi ұсыну мен ұшу қауiпсiздiгi талаптарын орындау үшiн қажеттi мынадай мәлiметтер мен құжаттарды ұсынады:
1) тегi, аты, әкесiнiң аты (оның болуы жағдайында);
2) ол бойынша жол құжаты (билет) сатып алынатын жеке басын куәландыратын құжат түрі және нөмірі;
3) жөнелту орны және нөмірі, межелі пункт, баратын маршрут түрі (жолда түспейтін, транзиттік);
4) жолаушының келісімімен байланыс мәліметтері (электрондық почта мекенжайы және ұялы байланыстың абоненттік нөмірі), ол арқылы билетті сатуды жүзеге асырушы авиакомпания немесе уәкілетті агент осы жолаушымен хабарласа алады.»
SUB2222-тармақ 5) тармақшамен толықтырылсын және мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Әуеде тасымалдау шарты авиакомпанияның бастамасы бойынша бiржақты тәртiппен мынадай: