«Әкімшілік істер бойынша сот шешімі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2024 жылғы 29 қарашадағы № 5 Нормативтік қаулысы

Әкімшілік істер бойынша сот шешімі туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2024 жылғы 29 қарашадағы № 5 Нормативтік қаулысы

 

Әкімшілік істер бойынша сот актілерін шығаруды регламенттейтін Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) нормаларын дұрыс және біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсініктемелер беруге қаулы етеді.

1. ӘРПК-нің 18-бабының бірінші бөлігіне сәйкес бірінші сатыдағы сот әкімшілік істер бойынша сот актілерін шешімдер мен ұйғарымдар нысанында, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттар қаулылар мен ұйғарымдар нысанында қабылдайды.

Бірінші сатыдағы соттың дауды мәні бойынша шешетін сот актісі шешім нысанында шығарылады.

Шешімнің мазмұны туралы ӘРПК-нің 152-бабының талаптары іс жүргізудің барлық түрлері (жазбаша, ауызша) үшін міндетті. Соттың шешімі кіріспе, сипаттау, уәждеу және қарар бөліктерінен тұрады.

2. ӘРПК-нің 151-бабының бірінші бөлігіне сәйкес шешім қысқаша нысанда шығарылуы мүмкін.

ӘРПК-нің 153-бабына сәйкес қысқаша шешім кіріспе, уәждеу және қарар бөліктерінен тұрады.

Тараптар соттың қысқаша шешімі табыс етілген кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде толық шешімді дайындау туралы өтінішхат беруге құқылы, оны сот осындай өтінішхат келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде дайындауы тиіс.

3. ӘРПК-нің 1-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, егер ӘРПК-де өзгеше тәртіп көзделмесе, әкімшілік сот ісін жүргізуде Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) ережелері қолданылады.

АПК-нің 27-1 және 28-1-баптарында облыстық және оған теңестірілген соттың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төменгі тұрған соттардың іс жүргізуіндегі біртекті істердің бірін (талап қоюдың нысанасы мен негіздері бойынша, субъектілік құрамы бойынша ұқсас) талап ету, өзінің іс жүргізуіне қабылдау, бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарау және шешу құқығы бекітілген.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.