«Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 385/НҚ «Деректерді басқару жөніндегі талаптарды бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 23 ақпандағы № 90/НҚ бұйрығы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 385/НҚ «Деректерді басқару жөніндегі талаптарды бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 23 ақпандағы № 90/НҚ бұйрығы

 

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 11 қарашадағы № 691/НҚ бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 385/НҚ «Деректерді басқару жөніндегі талаптарды бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30186 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген деректерді басқару жөніндегі Талаптарда:

мынадай мазмұндағы тақырыппен толықтырылсын:

«Деректерді басқару талаптары»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Талаптардың ережелерін мына ұйымдардың қолдануы үшін міндетті:

өздері жинайтын және өңдейтін барлық деректерге қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның құрылымына кіретін ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері;

деректердің жекелеген санаттарын басқаруға Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкілеттік берілген тұлғалар.

Аталған ұйымдардың деректерін басқару олардың меншік құқығы немесе деректерге иелік ету - меншік иесі және (немесе) иеленушісі негізге алына отырып жүзеге асырылады.»;

3-тармақ алып тасталсын;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Осы талаптарды қолдану мақсаттары үшін мынадай анықтамалар пайдаланылады:

1) ақпараттандыру объектілері - электрондық ақпараттық ресурстар, бағдарламалық қамтылым, интернет-ресурс және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.