«Әуе кемесін жерде мұз қатуға қарсы қорғау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 7 наурыздағы № 141 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 23 маусымдағы № 160 бұйрығы

 «Әуе кемесін жерде мұз қатуға қарсы қорғау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 7 наурыздағы № 141 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 23 маусымдағы № 160 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әуе кемесін жерде мұз қатуға қарсы қорғау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 7 наурыздағы № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32037 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе кемесін жерде мұз қатуға қарсы қорғау жөніндегі қағидаларында:

3-тармақта:

15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«15) ең төменгі (шекті) пайдалану температурасы (бұдан әрі - LOUT) - сұйықтықты қолданудың мынадай температураларының ең үлкені:

сұйықтық әуе кемесінің белгілі бір түріне (жоғары жылдамдықты немесе төмен жылдамдықты) аэродинамикалық қабылдау сынақтарына сәйкес келетін ең төменгі температура;

сұйықтықтың қату температурасы плюс қату нүктесінің (қосалқы) температуралық буфері I типті сұйықтық үшін 10 °C және II, III немесе IV типті сұйықтықтар үшін 7 °C;»;

20) мен 21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«20) қанаттағы тұтқырлықтың ең жоғарғы мәні (бұдан әрі - HOWV) мұз қатуды кетіруге немесе аэродинамикалық критерийлерге сәйкес қолайлы мұзданудың пайда болуын болдырмауға арналған сұйықтықтың тұтқырлығының ең жоғарғы мәні;

21) қанаттағы тұтқырлықтың ең төменгі мәні (бұдан әрі - LOWV) - мұз қатуды кетіруге немесе ол үшін қорғаныс әрекетінің қолайлы уақытын қамтамасыз етілген жағдайда мұзданудың пайда болуын болдырмауға арналған сұйықтықтың тұтқырлығының ең төменгі мәні;»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.