«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 тамыздағы № 255 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 20 тамыздағы № 225-НҚ бұйрығы

 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 тамыздағы № 255 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 20 тамыздағы № 225-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 тамыздағы № 255 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33295 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлері:

мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

«16-1. Гранттың мөлшерлері «Өркен» Қазақстан Республикасы Президентінің білім беру грантының құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 243 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37232 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Грант мөлшерлері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес белгіленеді.»;

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.