ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай ендірудің 2029 жылға
дейінгі «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 13 қазандағы № 1042 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай ендірудің 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы (бұдан әрі - Стратегия) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары:
1) үш ай мерзімде Стратегияны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлесін және бекітсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу үшін дербес жауаптылық жүктелсін.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 9 маусым
№ 1311
Қазақстан Республикасы Президентінің
2026 жылғы 9 маусымдағы
№ 1311 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай ендірудің
2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan»
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ
2.1. Азаматтардың мүддесі үшін цифрландыру
Адами капитал: білім, дағдылар, жұмыспен қамту
Қауіпсіз және жайлы өмір сүру ортасы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және әлеуметтік қолдау