«Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру қағидаларын және оны беру нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 384 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру қағидаларын және оны беру нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 384 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 144-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

2026 жылғы 9 маусымдағы

№ 384 бұйрығына 1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Бюджет кодексі) 144-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.