«Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 219 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 1 ақпандағы № 29 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 1 қарашадағы № 410 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 219 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 28450 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларында:
2-тармақтың 15) тармақшасы алынып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Субсидиялау осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген жобалардың паспорттары бойынша жүзеге асырылады және инвестициялық жобаны іске асыру орны бойынша жүргізіледі.
Субсидияларды беру процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ субсидияларды беру ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын субсидиялар алуға қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес жазылған.
Уәкілетті орган осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және бірыңғай байланыс орталығына Қазақстан Республикасы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде ақпарат жолдайды.»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Субсидиялар беруден бас тарту мемлекеттік осы Қағидалардың 7-қосымшаға көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.