«Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 200 «Батыс Қазақстан облысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 207 Қаулысы (күші жойылды)

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 200 «Батыс Қазақстан облысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 207 Қаулысы

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 75 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 200 «Батыс Қазақстан облысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4031 тіркелген, 2015 жылғы 29 қыркүйекте «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілсін:

1) «Дәрігерді үйге шақыру»;

2) «Дәрігердің қабылдауына жазылу»;

3) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту»;

4) «АИТВ инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеп-қаралу»;

5) «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру»;

6) «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру»;

7) «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»;

8) «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру»;

9) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру»;

10) «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру»;

11) «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру».»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.