(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БҮЛІНГЕН ЖЕРЛЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖОБАСЫН КЕЛІСУ ЖӘ...

Осы редакция 2026 ж. 3 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023.19.06. № 236 бұйрығымен 13-қосымша жаңа редакцияда (2023 ж. 24 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрінің

2020 жылғы 1 қазандағы

№ 301 бұйрығына

13-қосымша

 

 

«Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

(2023.24.08. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

2) пайдаланушының «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы кабинеті (бұдан әрі - жеке кабинет) - жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық түрде қызметтер көрсету мәселелері, аталған тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылға арналған «электрондық үкіметтің» веб-порталының құрамдасы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.