2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындалған объектілерді міндетті түрде көрсете отырып, бақылау мен қадағалау субъектілеріне қатысты қалыптастырылатын бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізімі бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға негіз болып табылады.
Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізімдері бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу жылының алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейінгі мерзімде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектісінде орналастырылады.
Бақылау және қадағалау органында тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізімін реттеуші мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысы бекітеді және мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық жиынтық тізімін қалыптастыру үшін, оның ішінде электрондық нысанда жіберіледі.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдерінің нысанын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдеріне өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті орган бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық жиынтық тізімін бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу жылының алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырады.
Бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімі негізінде бақылау мен қадағалау субъектісін (заңды тұлғаның басшысын не оның уәкілетті адамын, жеке тұлғаны) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің басталғаны туралы күнін көрсете отырып, ол басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің басталғаны туралы хабарлама қолма-қол табыс етіледі, табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында не егер осы субъект бұрын электрондық поштасының мекенжайын бақылау және қадағалау органына ұсынған болса, бақылау мен қадағалау субъектісінің осындай мекенжайына электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған электрондық құжат арқылы немесе өзге де қолжетімді тәсілмен жіберіледі.
Егер бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің басталғаны туралы хабарлама алған бақылау мен қадағалау субъектісі бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау кезінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 42-бабының 6-тармағына сәйкес мемлекеттік қайта тіркеуден өткен болса, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің басталғаны туралы қайта хабардар ету талап етілмейді.
Осы тармақтың жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінің ережелері патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылауға қолданылмайды.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдерін тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесінде және қағаз жеткізгіште сол бір кезеңге қалыптастыруға тыйым салынады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу қорытындылары бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою туралы нұсқама береді.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның қорытындылары бойынша осы Кодекстің 136-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартпай, жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара)
6. Осы баптың ережелері осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің жəне 5-тармағының талаптарын қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемеақысы мөлшерінің сақталуына бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде қолданылмайды.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 144-3-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
144-3-бап. Бақылау мақсатында сатып алу
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бақылау мақсатында сатып алу деп бақылау және қадағалау органының тауар нысанындағы өнімді бақылау шеңберінде сатып алуды жүзеге асыруы түсініледі.
Бақылау мақсатында сатып алу профилактикалық бақылаудың дербес түрі болып табылады, оны жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы бапта айқындалады.
Бақылау мақсатында сатып алуды өткізу тəртібі:
1) бақылау мақсатында сатып алуды өткізу туралы шешім қабылдау негіздерін;
2) мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органды хабардар ете отырып, бақылау жəне қадағалау органы басшысының бақылау мақсатында сатып алуды өткізу туралы шешімін;
3) бақылау мақсатында сатып алуды өткізу қажет болатын өнім атауын, сондай-ақ оны өткізу мерзімдерін айқындауды;
4) сатып алынған өнімге зерттеу жүргізу тəртібін;
5) бақылау мақсатында сатып алуды өткізу нəтижелерін ресімдеуді қамтиды.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бақылау мақсатында сатып алу нормативтік құқықтық актілерде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді өткізу фактісін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
3. Бақылау мақсатында сатып алу сатып алынған өнімнің тізбесі және бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы туралы ақпаратты қамтитын төлем құжатымен расталады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Бақылау мақсатында сатып алудың қорытындылары бойынша бақылау және қадағалау органдары сатып алынған өнімнің нормативтік құқықтық актілерде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін зерттеуді осы Кодекстің 153-бабының екінші бөлігіне сәйкес тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды кейіннен қолдану мүмкіндігімен жүзеге асырады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Бақылау жəне қадағалау органдары мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органды бақылау мақсатында сатып алудың қорытындылары туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тəртіппен хабардар етеді.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Бақылау мақсатында сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарында профилактикалық бақылаудың осындай түрін жүргізу тікелей көзделген қызмет салаларында жүргізіледі.
Бақылау мақсатында сатып алуды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптар бақылау нысанасы болып табылады. Бұл ретте жеделден қою шаралары тексеру парақтарында белгіленген талаптарды бұзушылықтарға қатысты ғана қолданылады.
6. Бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыруға және сатып алынған өнімді зерттеуге байланысты шығыстар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 144-4-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
144-4-бап. Тергеп-тексеру
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бақылау жəне қадағалау органдарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу себептері мен шарттарын анықтау, оларға жол берген бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындау жөніндегі қызметі, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес шаралар қабылдауы тергеп-тексеру деп түсініледі.
Тергеп-тексеру бақылаудың дербес нысаны болып табылады, оны жүзеге асыру осы бапта жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған.
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу себептерін анықтау және тиісті шаралар қолдану;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындау болып табылады.
3. Тергеп-тексеруді жүргізу үшін мыналар негіз болып табылады:
1) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша, мұндай факт тұлғалардың кең тобына қатысты болған және бұзушылықтарға жол берген нақты бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) анықтау талап етілетін жағдайларда, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жолданымдары;
2) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қайтыс болуы туралы ақпарат (шұғыл хабархат);
3) эпидемияның, жалған және тіркелмеген пестицидтердің, ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың, радиациялық авариялардың туындауы мен таралуы туралы мемлекеттік органдар немесе қызмет субъектілері беретін ақпарат (шұғыл хабархат);
4) еңбек қызметіне байланысты жұмыскерлердің денсаулығын зақымдау жағдайлары және еңбекке жарамсыздыққа не өлімге алып келген жағдайлар;
5) алдындағы мән-жайларын анықтау қажеттігі туындайтын авариялар, технологиялық бұзушылықтар немесе оқыс оқиғалар, олардың себептерін, техникалық құрылғыларды пайдалану шарттарын, технологиялық процестерді бұзушылықтардың, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын, электр энергетикасы саласындағы талаптарды бұзушылықтардың сипатын анықтау, осындай авариялардың, технологиялық бұзушылықтардың немесе оқыс оқиғалардың салдарларын жою және оларды болғызбау жөніндегі іс-шараларды, авариядан, технологиялық бұзушылықтан немесе оқыс оқиғадан келтірілген материалдық залалды айқындау;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) нормативтік құқықтық актілерде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжаттарда белгіленген талаптарды адамның өміріне, денсаулығына және мекендеу ортасына қауіп төндіретіндей бұзушылық анықталған жағдайда, бақылау мақсатында сатып алу қорытындылары бойынша өнімді зерттеу нәтижелері.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген негіздер болған кезде бақылау және қадағалау органы тергеп-тексеруді жүргізу туралы шешім қабылдайды.
5. Тергеп-тексеруді жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
Тергеп-тексеруді жүргізу тәртібі мыналарды:
1) тергеп-тексеру жүргізілетін жағдайларды;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) тергеп-тексеруді жүргізу туралы шешімді ресімдеу тəртібі мен мыналар:
шешімнің шығарылған күні, уақыты мен орны;
шешім шығарған адам көрсетілетін мазмұнын;
2) тергеп-тексеруді жүргізу мерзімдерін және ұзақтығын;
3) бақылау мен қадағалау субъектісін, құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органды, мүдделі мемлекеттік органдарды тергеп-тексеруді жүргізудің басталуы туралы хабардар ету мерзімдерін;
4) тәуелсіз сарапшыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды тарту тәртібін;
5) тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамын қалыптастыру шарттары мен тәртібін;
6) тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу тәртібін қамтуға тиіс.
6. Тергеп-тексеруді жүргізу мерзімдері күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс және күнтізбелік отыз күнге бір рет қана ұзартылуы мүмкін.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Тергеп-тексеруді жүргізу қорытындылары бойынша бақылау және қадағалау органдары тергеп-тексеруді жүргізу үшін негіз болған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылыққа жол берген бақылау мен қадағалау субъектісін (субъектілерін) айқындайды.
Тергеп-тексеруді жүргізу қорытындылары бойынша бұзушылыққа жол берген бақылау мен қадағалау субъектісіне қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шаралар қабылданады.
Бақылау және қадағалау органы мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тергеп-тексеруді жүргізу қорытындыларын интернет-ресурста жариялайды.
Бақылау жəне қадағалау органдары мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органды тергеп-тексеру қорытындылары туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тəртіппен хабардар етеді.
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу себептерін анықтау жəне көрсетілген талаптарды бұзуға жол берген бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындау үшін тергеп-тексеруді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптар бақылау нысанасы болып табылады. Бұл ретте жедел ден қою шаралары тексеру парақтарында белгіленген талаптарды бұзушылықтарға қатысты ғана қолданылады.
8. Тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының заңдарында бақылаудың осындай нысанын жүргізу тікелей көзделген қызмет салаларында жүргізіледі.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 145-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
145-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы акт
1. Бақылау және қадағалау органының бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актісі негізінде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізіледі.
2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
2) мемлекеттік органның атауы;
3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәліметтер;
5) бақылау мен қадағалау субъектісінің атауы немесе бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жері, сәйкестендіру нөмірі, бақылау мен қадағалау объектілерінің тізбесі, аумақтың учаскесі;
6) тағайындалған бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нысанасы;
7) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу мерзімі;
8) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізудің негіздері, оның ішінде міндетті талаптары бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауға және (немесе) тексеруге жататын нормативтік құқықтық актілер;
9) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезеңі;
10) бақылау мен қадағалау субъектісінің осы Кодекстің 155-бабында көзделген құқықтары мен міндеттері;
11) актілерге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы және мемлекеттік органның мөрі;
12) заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 146-бап жаңа редакцияда
146-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеу
1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын қарсы тексерулерді қоспағанда, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы акт, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда міндетті түрде тіркеледі.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы акт, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) міндетті түрде көрсетіле отырып, бақылау мен қадағалау субъектісіне қатысты тіркеледі.
Мемлекеттік кірістер органдары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген қарсы тексерулер жүргізген кезде бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) тұрған жері бойынша құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеу есепке алу сипатында болады және тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ведомстволық жүйелерін қалыптастыру және жетілдіру үшін пайдаланылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру басталғанға дейін оларды құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органның бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) тұрған жері бойынша аумақтық органына ұсыну, оның ішінде электрондық нысанда ұсыну арқылы құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркейді.
Осы Кодекстің 129-бабының 15-тармағына, 144-бабының 8-тармағына, 146-бабының 3-тармағына сəйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы акт оны бақылау субъектісі (объектісі) тұрған жердегі мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық органына ұсыну, оның ішінде электрондық нысанда ұсыну арқылы жоспардан тыс тексеру басталған күннен кейінгі келесі жұмыс күні ішінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркеледі.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеу кезінде бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауға және (немесе) тексеруге жататын талаптардың тармақтарын көрсете отырып, тексеру парақтарын (олар болған кезде) ұсынады.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеудің, оларды тіркеуден бас тартудың және күшін жоюдың, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, мерзімдерін ұзарту туралы хабарламалардың, қатысушылар құрамын өзгертудің және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру және олардың нәтижелері туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсынудың тәртібін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
3. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру қажеттігі қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығына және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне төнген қатерді дереу жоюды талап ететін әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қалыптасуынан туындаса, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген болса, сондай-ақ бұзушылықтардың тікелей жасалуы кезінде олардың жолын кесу және дәлелдемелерді бекіту үшін кезек күттірмейтін әрекеттер жасау қажеттігіне орай бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері) жүргізу кезінде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актілерді тіркеу құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру басталғаннан кейін келесі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 147-бап жаңа редакцияда
147-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыру кезіндегі бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының әрекеттері
1. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру үшін объектіге келген бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдары бақылау мен қадағалау субъектісіне:
1) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелгені туралы белгі қойылған бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні;