(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ) ҰЙЫМЫНА ІШКІ АУДИТ ЖҮ...

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ішкі аудит жүргізу тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасы Төрағасының 2004 жылғы 16 ақпандағы № 35 Қаулысы

(2017.28.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2021 жылғы 12 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.28.01. № 17 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.28.01. № 17 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ішкі аудит жүргізу тәртібіне қойылатын талаптар бекітілсін.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.

4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.