Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір шешімдерінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 332 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір шешімдерінің күші жойылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | Т. Дүйсенова |
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министірінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі
№ 332 бұйрығына қосымша
Күшін жойылуға жататын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір шешімдершщ
тізбесі
1. «Клиникалық нұсқауларды және аурулардың диагностикалау мен емдеу хаттамаларын әзірлеу және жетілдіру женіндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 473 бұйрығы.
2. «Апробация өткізу үшін дкагностикалау мен емдеу хаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 303 бұйрығы.
3. «Диагностика және емдеу хаттамаларының тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 764 бұйрығы.
4. «Диагностика мен емдеу хаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 239 бұйрығы.
5. «Диагностика, және емдеу хаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 239 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 9 бұйрығы.
6. «АИТВ инфекциясы мен ЖИТС-ты диагностикалау және емдеу хаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 8 бұйрығы.