Ғылыми-практикалық базаларда оқытуға арналған шығыстарды есептеу әдістемесін, білім беру ұйымы мен ғылыми-практикалық база арасындағы бірлескен қызмет туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 9 қарашадағы № 164 бұйрығы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 220-бабының 4-тармағына сәйкес және ғылыми-практикалық базаларда оқыту құнын айқындаудың бірыңғай тәсілін енгізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) ғылыми-практикалық базаларда оқытуға арналған шығыстарды есептеу әдістемесі;
2) білім беру ұйымы мен ғылыми-практикалық база арасындағы бірлескен қызмет туралы шарттың үлгілік нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа тиіс.
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
Т. Султангазиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 9 қарашадағы
№ 164 бұйрығымен
бекітілген
Ғылыми-практикалық базаларда оқытуға арналған шығыcтарды есептеу
әдістемесі