«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 254-VIII Заңы

Предыдущая страница

4-тармақ «шарт» деген сөзден кейін «, кепілдік шеңберінде реновациялау туралы шарт жəне реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт» деген сөздермен толықтырылсын;

5-тармақта:

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Бірыңғай оператор реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт жасасу жөнінде шешім қабылдаған кезде реновациялау объектісіне жəне (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүлікке кепіл белгілеу туралы шарт, уəкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) кепілге қою шарты, уəкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқару шарты құрылыс салушымен Бірыңғай оператордың реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт жасасуымен бір мезгілде жасалуға тиіс.»;

екінші бөлік:

«шарт» деген сөзден кейін «жəне (немесе) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт» деген сөздермен толықтырылсын;

«шарттың» деген сөзден кейін «жəне реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарттың» деген сөздермен толықтырылсын;

27) 33-баптың 1-тармағындағы «8-бабында» деген сөздер «8 жəне 8-1-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;

28) 34-бапта:

тақырып «жəне реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт» деген сөздермен толықтырылсын;

1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Реновациялау туралы шарт жəне реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт уəкілетті орган бекіткен үлгілік шарт негізінде жазбаша түрде жасалады. Реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт реновациялау объектісіне уəкілетті компанияның меншік құқығын беруі мемлекеттік тіркелген жəне оған Бірыңғай оператордың кепілі тіркелген кезден бастап күшіне енеді.»;

2-тармақтың 8) тармақшасы «шарттың» деген сөзден кейін «жəне реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарттың» деген сөздермен толықтырылсын;

29) 35-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

«7. Осы баптың ережелері, уəкілетті компаниямен құрылысы аяқталмаған объектімен бірге жер учаскесін кепілге қою шартын жасасу бөлігіндегі талапты қоспағанда, реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шартқа да қолданылады.

Бұл ретте уəкілетті компания реновациялау объектісінің жер учаскесін кепілге қою шартын осы жер учаскесіне құқығы туындағаннан кейін жасасуға міндетті.»;

30) 36-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт негізінде үлескерлерді тарту уəкілетті компания көппəтерлі тұрғын үй құрылысының жобасына кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.»;

31) 37-бапта:

1-тармақтың 4) тармақшасы «(үлескерлердің)» деген сөзден кейін «жəне (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескердің (үлескерлердің)» деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақ 3) тармақшасындағы «банкрот деп тануды кепілдік жағдайы деп тану туралы шешім қабылдайды.» деген сөздер «банкрот деп тануды;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) уəкілетті компанияның реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шартта көзделген талаптар мен мерзімдерді бұзуын кепілдік жағдайы деп тану туралы шешім қабылдайды.»;

32) 38-бапта:

тақырып «шарт» деген сөзден кейін «жəне реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт» деген сөздермен толықтырылсын;

1-тармақтың 6) тармақшасы «үлескерлерге» деген сөзден кейін «жəне (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескерлерге» деген сөздермен толықтырылсын;

5-тармақ «шартты» деген сөзден кейін «жəне реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шартты» деген сөздермен толықтырылсын.

31. «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

23-1-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттік қызметтер» деген сөздер «мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер» деген сөздермен ауыстырылсын.

32-тармақ 2026 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

32. «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 8-баптың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«19) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінен жəне табиғи монополия субъектілерінен, жеке жəне заңды тұлғалардан, оның ішінде мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкілеттіктерін, оның ішінде өтініштерді қарау жəне мемлекеттік бақылау жүргізу жөніндегі өкілеттіктерін жүзеге асыру шеңберінде қажетті ақпаратты сұратуға жəне алуға құқылы;»;

2) 24-бапта:

4-тармақтың 1) тармақшасы «субъектісіне» деген сөзден кейін жəне 3) тармақшасы «органына» деген сөзден кейін «мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;

5-тармақтың бірінші бөлігінде:

«табиғи монополия субъектісінің кеңсесі арқылы немесе» деген сөздер алып тасталсын;

«ақпараттық жүйесі» деген сөздерден кейін «немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі» деген сөздермен толықтырылсын;

7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосылуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттар үш жылға беріледі жəне мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде ұсынылады.»;

3) 26-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:

«21-1) осы Заңның 25-бабының 6-2-тармағында көзделген ақпаратты мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде тұрақты негізде орналастыруға жəне (немесе) жаңартып отыруға;».

33. «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» 2021 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1-баптың 2-тармағы 17) тармақшасындағы «сатып алу жағдайларына қолданылмайды.» деген сөздер «сатып алу жағдайларына;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:

«18) Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасына сəйкес кепілдік беру жағдайы басталған кезде көппəтерлі тұрғын үйдің жəне (немесе) жеке тұрғын үйлер кешенінің үлестік құрылысын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын уəкілетті компанияның тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуына байланысты жағдайларға қолданылмайды.».

2-бап.

1. Осы Заң:

1) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 22-тармағын;

2) 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 1), 2), 3), 5) жəне 8) тармақшаларын, 4-тармағын, 6-тармағының 2), 5) жəне 6) тармақшаларын, 9, 24 жəне 26-тармақтарын, 27-тармағының 3) тармақшасын, 4) тармақшасының бесінші жəне алтыншы абзацтарын, 29-тармағын, 30-тармағы 5) тармақшасының он төртінші абзацын, 6) тармақшасының үшінші жəне төртінші абзацтарын жəне 11) тармақшасын;

3) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 3) жəне 4) тармақшаларын жəне 32-тармағын;

4) 2028 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 27-тармағы 4) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші жəне төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйесінде», «цифрлық жүйесіне» деген сөздер тиісінше «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйесінде», «ақпараттық жүйесіне» деген сөздер болып есептелсін.

3. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін тіркелген жəне қызметін жүзеге асыратын тұтыну кооперативтері:

1) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде өз қызметін осы Заңның 1-бабы 19-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацының талабына сəйкес келтіруге;

2) өзінің құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізуге жəне өз қызметін осы Заңның 1-бабы 19-тармағы 1) тармақшасының талабына сəйкес келтіруге міндетті. Осы тармақшаға сəйкес келтірілгенге дейін тұтыну кооперативтері, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғылардың ережелерін осы Заңның талаптарына қайшы келмейтін бөлігінде басшылыққа алады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда тұтыну кооперативтері Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес Қазақстан Республикасы əділет органдарының өтініші бойынша сот тəртібімен таратылуға жатады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 9 қаңтар

№ 254-VIII ҚРЗ