«Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 3/27 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2022 жылғы 5 мамырдағы № 18/147 шешімі (күші жойылды)

Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 3/27 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2022 жылғы 5 мамырдағы № 18/147 шешімі

 

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/111 шешімімен күші жойылды

 

Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 3/27 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4502 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:

8 тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«4) 9 мамыр - Жеңіс күні:

Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен ардагерлеріне - 1 000 000 (бір миллион) теңге;

жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға (Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жою салдарынан мүгедек болған адамдардан басқа) - 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;

жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға (1986-1987 жылдарға Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушылардан басқа) - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.